Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды •

    Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды

    Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды

    Фото: видеодан скрин

    Павлодарда төрт жасар баласымен тротуарда келе жатқан ер адамның аяқ астындағы жер кенет опырылып, ол қайнаған суға құлаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Зардап шеккен азаматтың туысының айтуынша, бұл қоршалған қауіпті аумақ немесе құрылыс алаңы емес, тұрғындар күн сайын жүретін қарапайым жаяу жүргіншілер жолы болған. 1991 жылы туған ер адам II және III дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

    Абырой болғанда, жанында келе жатқан төрт жасар бала зардап шекпеген. Адамдар күн сайын жүретін тротуардың астында осындай қауіп тұрғанда, қала әкімдігі мен жауапты коммуналдық мекемелер оның жағдайын неге алдын ала тексермеген және қауіпті аумақ неге дер кезінде қоршалмаған деген сұрақ туындайды. Зардап шеккен тарап оқиғаны тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.

    Видео: @taunews.qaz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →