Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті

    «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр

    «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Тәуін ауылының тұрғындары елді мекен маңында жабайы аңдардың көбейгеніне алаңдап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ауыл тұрғынының айтуынша, соңғы 1-2 жылда әсіресе түнгі уақытта шакалдар ауыл арасына кіріп, үй жануарларына қауіп төндіре бастаған.

    Биыл жаз бойы жабайы қабандар да ауыл ішінен жиі көрінген, ал елді мекен маңында күзен мен мәлім де кездеседі.

    «Кешкі уақытта шакалдар шулап, мазаны алады, малдарға да тиеді. Балалар мен үлкендер үшін алаңдаймыз», – дейді тұрғын.

    Ауыл халқы жабайы аңдардың елді мекенге не себепті жақындап жүргенін анықтап, адам мен малдың қауіпсіздігі үшін тиісті шара қабылдауды сұрайды.

    Мәселе туралы аудандық деңгейде хабарланғанымен, тұрғындардың сөзінше, жабайы жануарлардың ауыл маңына жақындауы әлі де жалғасып отыр.

    Видео: @tilshi.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →