Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ОСК Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижесін жариялады «Өзімен жасты ма»: Жігер Ауыпбаев енесін көрсетті Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? ОСК Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижесін жариялады «Өзімен жасты ма»: Жігер Ауыпбаев енесін көрсетті Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды Президент қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

    Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды

    Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5492 ұпаймен көшбасшылығын сақтап қалды. Оның ең жақын қарсыласы Арина Соболенко 5185 ұпаймен екінші орында.

    Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды

    Сурет: penalty.kz

    Әйелдер теннис қауымдастығы Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша чемпиондық жарыстың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 5492 ұпаймен бірінші орында тұр. Оның ең жақын қарсыласы Беларусь теннисшісі Арина Соболенко 5185 ұпаймен екінші орында, ал үшінші орында 5184 ұпай жинаған ресейлік Мирра Андреева тұр. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде ширек финалда тоқтады. Ол польшалық Ига Швентекпен кездесуде жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады. Ал америкалық Кори Гауфф финалда отандасы Джессика Пегуланы жеңіп, турнир чемпионы атанды. Осы жеңістің арқасында Гауфф чемпиондық жарыста жетінші орыннан бесінші орынға көтеріліп, 4874 ұпай жинады. Пегула бір саты жоғарылап, 5045 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

    Осылайша Рыбакина маусымның маңызды кезеңінде чемпиондық жарыстағы көшбасшылығын сақтап, Соболенко мен Андрееваны артта қалдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →