Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды •

    Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді

    Түркістан облысында тұрғын полицияны күлгені үшін жауапқа тартты деп айыптады. ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

    Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді

    Сурет: turkystan.kz

    Түркістан облысында бір тұрғын полиция қызметкерлерін «күлгенім үшін жауапқа тартты» деп айыптаған. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Қызмет бабында жүрген полицейлер терезелері ашық тұрған автокөлікті байқаған. Көліктен қатты музыка шығып, ішіндегі қыздар айқайлаған, осылайша түнгі тыныштық бұзылған.

    Сақшылар автокөлікке жақындап, құжаттарды тексеріп, жүргізушіге келу себебін сабырлы түрде түсіндірген. Олар ауызша ескертумен шектеліп, азаматты босатқан. Полиция өкілдері айыппұл салынбағанын және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын атап өтті.

    Дегенмен, азамат полициямен сөйлесу кезінде эмоцияға беріліп, дауыс көтеріп, оқиғаны бейнетаспаға түсірген. Кейін ол әлеуметтік желілерде бұрмаланған ақпарат таратқан. Министрліктегілер оқиғаның барлық мән-жайы полицияның бейнетіркегішіне жазылғанын, бейнежазбалар тексеріліп, қызметкерлердің әрекетінен заң бұзушылық анықталмағанын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →