Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 457,0 534,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Докторанттардың шәкіртақысы тағы екі есе өседі

    Докторанттардың шәкіртақысы тағы екі есе өседі

    Жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды. Бұл туралы елордада «Болашақ бейнесі: нәтижеден — жаңа стратегияға» атты форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    — Бұған дейін шәкіртақы мөлшері екі есе өсті, оны тағы да өсіруді бастаймыз. Қазір докторанттардың шәкіртақысы — айына 252 мың теңге. Оны тағы екі есе өсіруге келесі үш-төрт жылға бағыт алдық, — деді Саясат Нұрбек.

    Сонымен қатар ол елде «Индустриялық PhD» атты бағдарлама басталғанын еске салды. Енді жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ үш жылдың ішінде жеңілдетілген форматпен, модельмен PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →