Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті
Мароккодан Испанияның Сеута анклавына мигранттар ағыны қаупі күшейді. Испания шекарада 1,5 мың әскери қызметкер мен арнайы техниканы жұмылдырды.
Сурет: egemen.kz
Мароккодан Испанияның Сеута анклавына мыңдаған мигранттың жаппай өту қаупі қайта туындап отыр. Осыған байланысты Испания шекара маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шамамен 1,5 мың әскери қызметкер мен арнайы техниканы жұмылдырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Марокко тарапы да шекараға қосымша күштер орналастырып, бақылауды күшейтті. Сеута — Африкадағы Еуропалық Одақтың негізгі құрлықтық шекараларының бірі. Сондықтан мұндағы кез келген миграциялық шиеленіс Испанияға ғана емес, жалпы Еуропалық одақтың көші-қон саясатына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ЕО билігі де дабыл қағуда.
