Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Тым ерсі емес пе?»: Мирас пен Құралайдың дайындаған қыз жасауы сынға қалды Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді Ақтөбеде 4 баланы жылан шағып алды Солтүстік Қазақстанда 60 шақырым жол азапқа айналды: Омбы–Көкшетау трассасына кім жауап береді? Қарағанды облысында дала өрті өршіп, екі адам зардап шекті «Қазанбас», «мәмбет»: Бейбіт Әлібековтың әкесінің жазбалары жұрттың ашуын туғызды «Тым ерсі емес пе?»: Мирас пен Құралайдың дайындаған қыз жасауы сынға қалды Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді Ақтөбеде 4 баланы жылан шағып алды Солтүстік Қазақстанда 60 шақырым жол азапқа айналды: Омбы–Көкшетау трассасына кім жауап береді? Қарағанды облысында дала өрті өршіп, екі адам зардап шекті «Қазанбас», «мәмбет»: Бейбіт Әлібековтың әкесінің жазбалары жұрттың ашуын туғызды

    Ақтөбеде 4 баланы жылан шағып алды

    Ақтөбеде 4 баланы жылан шағып алды

    Фото: Pixabay

    Ақтөбе қаласында екі, Хромтау қаласында екі дерек тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметі табиғат аясына шыққан кезде аса сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ақтөбеде жаздың соңғы айында жылан шағу дерегі тіркеліп жатыр. Адамдар табиғат аясында тыныққанда, саяжай аумағында және далада аса сақ болуы керек.

    — Тамыз айында облыста 4 баланы жылан шағып алды. Оның ішінде Ақтөбе қаласында – 2 жағдай, Хромтау қаласында – 2 жағдай тіркелді. Жылан көбіне елді мекендердің шетінде, шөбі қалың жерде, тастың, ағаштың және түрлі құрылыс материалдарының арасында, су айдындарына жақын аумақтарда кездесуі мүмкін. Жылан адамды әдейі қумайды, көбіне қауіп төнген жағдайда қорғану мақсатында шағады,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Сақтық үшін балаларға мынаны ескерту керек:

    — жыланға жақындауға болмайды және бала оны қуаламау керек;

    — қалың шөп, бұта арасына, тас немесе ағаштың астына қол сұқпаған жөн;

    — табиғат аясында тыныққанда жабық аяқ киім және ұзын шалбар киген дұрыс;

    — балалар ойнайтын аумақты үнемі қарап, қалың шөпті уақытылы шабу керек;

    — шатырды қарап, төсек-орын, киім және аяқ киімді қағып-сілкіп алған дұрыс.

    — Жылан шаққан жағдайда адамды көп қозғауға болмайды. Баланы жатқан күйінде ауруханаға жеткізу қажет. Көп су берген дұрыс. Шаққан орынды таңып тастауға, кесуге, күйдіруге болмайды. Өз бетінше емдеу қауіпті,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →