Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті «Анамның немересі үйленді»: Әнші Мақпал Жүнісова келінді болды (ВИДЕО) Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті Павлодар облысында әкімдік жетім қызды баспана кезегінен алып тастап, үйсіз қалдырмақ болған «Заң алдында бәрі тең»: мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдері мен блогерлерге үндеу жасады Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті «Анамның немересі үйленді»: Әнші Мақпал Жүнісова келінді болды (ВИДЕО) Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті Павлодар облысында әкімдік жетім қызды баспана кезегінен алып тастап, үйсіз қалдырмақ болған «Заң алдында бәрі тең»: мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдері мен блогерлерге үндеу жасады Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Фото: Pixabay

    Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Tobolinfo-ға сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған. Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

    «Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті», — делінген хабарламада.

    Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →