Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған ер адам ұсталып, іс сотқа жолданды.
Сурет: turkystan.kz
Еңбекшіқазақ ауданындағы саябақтардың бірінде екі жасөспірім қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Полиция Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы (16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу) бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.
«9 тамызда күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берілетінін еске салды.
