Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты •

    Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр

    Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр

    Фото: Видеодан скрин

    Жезқазған қаласының Бейбітшілік даңғылындағы «Самади» супермаркетінің маңында жөндеу жұмыстары бірнеше жылға созылып, аяқсыз қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жергілікті билік тарапынан бақылаудың жоқтығынан тұрғындар күнделікті жаяу жүретін жолынан айырылып, әбігерге түсуде. Құрылыс орнында шашылып жатқан қоқыстар мен шеті өткір темір қаңылтырлар өтіп жатқан халыққа, әсіресе балаларға тікелей қауіп төндіріп тұр.

    Сонымен қатар, аталған даңғылдағы жолдың сұрықсыз күйі әкімдік пен мердігерлердің халық талабына немқұрайлы қарайтынын анық көрсетеді. Жергілікті тұрғындар созылып кеткен бұл жағдайға наразылық білдіріп, жауапты шенеуніктерден нақты әрекет талап етуде. Қала әкімдігі бұл мәселені қашан назарға алып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні әлі белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →