Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр

    Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысы Шелек ауылындағы №3 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің алдында жүректі ауыртарлық жағдай орын алуда.

    Мұнда денсаулығы нашар, мүгедектігі бар азаматтар қабылдауға кіру үшін аптап ыстықта сағаттап кезектен көз ашпай келеді. Мекеме ауласында қарапайым отыратын орындық та қарастырылмағандықтан, сырқат жандар түрегеп тұруға мәжбүр.

    Жергілікті әкімдік пен жауапты мекемелер халықтың мұндай зарына әлі күнге дейін назар аудармай отыр. Жұртшылық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бұл жағдайды дереу бақылауға алып, адамша күтетін жағдай жасауды талап етеді.

    Шындықтың бетін ашқан бұл кадрларды кезекте тұрған ауыл тұрғындарының өзі түсіріп жіберген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →