Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ АҚШ 175 мыңнан астам шетел азаматының визасын жойды 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ АҚШ 175 мыңнан астам шетел азаматының визасын жойды

    Астанада автобус ішінде кәмпитке қақалып қалған бүлдіршінді полицей құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Астанада автобус ішінде кәмпитке қақалып қалған бүлдіршінді полицей құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан скрин

    Астанада полиция қызметкері қоғамдық көлік ішінде кәмпитке қақалып қалған балаға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оқиға қалалық маршруттық автобуста болған. Жолда келе жатқан кезде балалар арбасында отырған сәби кенеттен кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған.

    Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылды. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданды. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келді.

    «Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен алғашқы көмек көрсету тәжірибесін дұрыс қолданған азамат – Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері  Әлішер Жарқымбеков. ЖҚАЖ жауынгерінің бұл әрекеті қызметтік міндеттен тыс уақытта да адам өміріне жауапкершілікпен қараудың нақты үлгісі болды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →