Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті

    Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Анталия-Астана рейсінде жанжал шығарған жолаушы 10 тәулікке қамалды. Ол мас күйінде тәртіп бұзып, полиция талабына бағынбаған.

    Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Түркияның Анталия қаласынан Астанаға ұшқан жолаушы әуе кемесі бортында жанжал шығарып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ұшақ қонуға үлгермей жатып, жолаушылардың бірі салонда тәртіп бұза бастаған. Мас күйдегі ер адам агрессивті мінез танытып, балағат сөздер айтып, өзге жолаушыларға кедергі келтірген.

    Әуе кемесі елорда әуежайына қонған соң, бұзақы көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырылған. Тексеру барысында оның Астананың 44 жастағы тұрғыны екені анықталған.

    Алайда жерге қонғаннан кейін де жанжал тоқтамаған. Полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ер адам қызметкерлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, бағынбаған. Сондықтан полицейлер қол кісенін қолдануға мәжбүр болған.

    Тексеру нәтижесінде ол алкоголь ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау деректері бойынша іс сотқа жіберілді.

    Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

    «Әуе кемесінің бортында тәртіп сақтау – ең алдымен барлық жолаушы мен экипаждың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Экипаждың жұмысына кедергі келтіретін немесе айналадағы адамдарға қауіп төндіретін кез келген әрекеттің салдары ауыр болуы мүмкін», – деп ескертті Көліктегі полиция департаменті.

    Полиция өкілдері ұшу қауіпсіздігі тек экипаж бен әуежай қызметкерлеріне ғана емес, әр жолаушының іс-әрекетіне де байланысты екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →