Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды

    807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды

    807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды

    Астанада «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының орталық кеңсесі алдында акция өткізіп, республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    7 тамызда өткен шарада қоғамдық ұйым өкілдері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды және адам өліміне әкелген жол апаттары бойынша ұлттық компания басшылығының жеке жауапкершілігін күшейтуді талап етті.

    «Дала Қырандарының» мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан жолдарында 807 адам қаза тапқан. Қоғам белсенділері бірқатар қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді деп есептейді.

    Олардың айтуынша, республикалық трассалардың кей учаскелерінде қарама-қарсы бағыттағы көліктерді бөліп тұратын қоршаулардың болмауы жоғары жылдамдықтағы маңдайша соқтығыстардың қаупін арттырады. Ал жол жиегіндегі қорғаныс қоршауларының жеткіліксіздігі жабайы және үй жануарларының жолға шығып кетуіне себеп болуы мүмкін.

    Қауіпті учаскелердегі жағдайға жүргізушілердің назарын аудару үшін белсенділер кей жолдарға қара түсті ескерту белгілерін өздері орната бастағанын мәлімдеді.

    «Дала Қырандары» өкілдері жол инфрақұрылымына мемлекеттен қомақты қаржы бөлінетінін атап өтті. Ұйымның пікірінше, бөлінген қаражаттың нәтижесі сапалы әрі қауіпсіз жолдармен өлшенуі тиіс.

    Қоғам белсенділері қандай талап қойды?

    «Дала Қырандары» жол қауіпсіздігін арттыру үшін екі негізгі ұсыныс жариялады.

    Біріншісі – адам өлімімен аяқталған әрбір жол апатынан кейін тәуелсіз сараптама жүргізу. Оның барысында жолдың техникалық жағдайы, жол белгілері, таңбалар мен қоршаулардың талапқа сәйкестігі тексерілуі тиіс.

    Екіншісі – ҚазАвтоЖолдың жауапкершілігін құқықтық тұрғыдан бағалау тетігін заңмен бекіту. Белсенділер адам өлімі болған жол-көлік оқиғаларынан кейін ұлттық компанияның жол қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік деңгейі сот барысында анықталуы қажет деп санайды.

    Ұйым өкілдерінің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілердің тәртібіне байланысты емес. Жолдың техникалық жай-күйі, қоршаулардың болуы, жол белгілері мен басқа да инфрақұрылым элементтері адам өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады.

    «Дала Қырандары» жүйелі өзгерістер жүзеге асқанға дейін акцияларын жалғастыратындарын мәлімдеді. Белсенділердің жоспарына сәйкес, республикалық трассаларда адам өлімімен аяқталған әрбір жаңа жол апатынан кейін ҚазАвтоЖолдың орталық кеңсесі алдында қоғамдық шара өткізіледі.

    Ұйым мұндай акциялар арқылы жол қауіпсіздігі мәселесін қоғам назарында ұстап, жауапты құрылымдардың есептілігін күшейтуді көздейді.

    Фото: Дала қырандары

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →