Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Оның өнердегі еңбегі мен мұрасы жоғары бағаланды.

    Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Президент жеделхатында Ардақ Әмірқұловтың бүкіл саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін дәріптеуге зор үлес қосқанын атап өтті. Оның кәсіби киногер ретінде «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» сынды тарихи туындыларды түсіріп, қазақ руханиятының алтын қорын байытқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, оның қазақ кинематографиясын дамытуда ұстаздық етіп, талантты шәкірттер тәрбиелегенін және артына мол рухани мұра қалдырғанын айтты. «Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →