Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО)

    Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды

    Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды

    Фото: Видео скриншот

    Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылындағы саяжай массивінде бос жүрген алабай ит тұрғындардың үрейін ұшырып, жергілікті тұрғынның үйректерді талап тастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындар далаға шығудан қорықса да, ит иесі өз кінәсін мойындаудан басын ала қашып, жауапкершіліктен жалтармақ болған. Тек куәгерлер мен белсенді тұрғындардың араласуының арқасында УПП №18 учаскелік полицейлері иттің кімдікі екенін анықтап, айыптыны тапты.

    Билік өкілдері болса, балалар өміріне қауіп төндірген бұл сорақы жағдайға бақылауды күшейтудің орнына, ит иесіне бары-жоғы 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде ғана айыппұл салумен шектелді. Жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар ауыл ішіндегі иесіз немесе бос жүрген қауіпті иттердің мәселесін түбегейлі шешпей, елді мекендегі қауіпсіздікке салғырт қарап отыр.

    Егер дәл мұндай жағдайда иттің аузына үйрек емес, көшеде ойын баласы түссе, бұл жауапсыздық үлкен қайғыға әкелері сөзсіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →