Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді •

    Жеке сот орындаушысы борышкерлердің ақшасын туыстарының шотына аударған

    Жеке сот орындаушысы борышкерлердің ақшасын туыстарының шотына аударған

    Маңғыстау облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау заңдылығына тексеру жүргізу барысында миллиондаған қаражатты заңсыз басқалардың шотына аударған жеке сот орындаушысын анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Құзырлы органның мәліметінше, жеке сот орындаушыларының бірі борышкерлер мен өндіріп алушылардың ақшасын аударуға арналған арнайы шоттан 3 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз шешкен. Бұл қаражатты ол өз туыстарының банк шоттарына аударып жіберген.

    Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Прокуратура өкілдері атқарушылық құжаттардың уақтылы әрі заңды орындалуын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

    Фото: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →