Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ғалымдар Жер халқын екі есе азайтуды ұсынды

    Ғалымдар Жер халқын 2200 жылға қарай төрт миллиардқа дейін азайтуды ұсынды. Бұл табиғи ресурстарға жүктемені азайтып, тұрақты дамуға көмектеседі деп есептейді.

    Ғалымдар Жер халқын екі есе азайтуды ұсынды

    Сурет: tengrinews.kz

    Бір топ ғалым Жер шарындағы халық санын қазіргі деңгейден екі есеге азайту табиғи ресурстарға жүктемені төмендетіп, тұрақты болашаққа жол ашады деген қорытындыға келді. Бұл зерттеу Sustainable Development журналында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазіргі уақытта Жер бетінде сегіз миллиардтан астам адам тұрады. Адамзат экожүйелерге зор жүктеме түсіруде. Ғалымдар қоршаған ортаға әсерді азайту үшін 2200 жылға қарай халық санын біртіндеп төрт миллиардқа дейін төмендетуді ұсынды.

    Авторлар мұндай тұжырымдардың адамзатқа жат немесе авторитарлық болып көрінетінін мойындайды. Алайда олар мұны ұзақ мерзімді өмір сүрудің ізгілікті стратегиясы ретінде қарастыру керек екенін айтады.

    Олардың пікірінше, бұл стратегия табиғат пен адамзат үшін пайдалы. Зерттеушілер халық санының азаюы табиғи ресурстарға жүктемені және қоршаған ортаның ластануын төмендететініне сенімді. Сондай-ақ бұл туу деңгейі жоғары аймақтардағы кедейлік деңгейіне әсер етіп, ресурстарға байланысты қақтығыстар мен көші-қон азаяды, ал халық тығыз қоныстанған аудандарда өмір сапасы, керісінше, артады.

    Сонымен қатар авторлар халық санын бақылаудың күштеу әдістерін қолданудың қажеті жоқтығын айтты. Оның орнына олар туу деңгейі жоғары кедей аймақтарды әлеуметтік дамыту мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Мұндай шаралардың бірі ретінде олар қыздардың білім алуына қолжетімділікті атады.

    Әйелдер білім алуға қол жеткізіп, бала туу туралы шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болғанда, туу деңгейі табиғи түрде тұрақтанды. Ғалымдар мысал ретінде Иран, Оңтүстік Корея және Коста-Риканы келтірді. Бұл елдерде 10-20 жыл ішінде туу деңгейі екі есеге жуық төмендеп, қалпына келтіру деңгейіне немесе одан төменге жетті.

    Дегенмен халық санын азайту идеясының сыншылары аз емес. Олар көптеген проблемалар планетадағы адам санымен емес, ресурстарға теңсіз қолжетімділікпен байланысты екенін айтады. Сондай-ақ қарсылар бұрын халық санын бақылау әрекеттері мәжбүрлі стерилизацияға және репродуктивті құқықтардың шектелуіне әкелгенін еске салады.

    Алайда зерттеу авторлары олардың идеясы бұрынғылардан ерекше екенін алға тартады. Зерттеушілер планета ресурстары шектеулі және әл-ауқат пен материалдық тұтынудың өсуін шексіз қолдай алмайтынын еске салды. Олардың пікірінше, тұрақты дамуға қол жеткізу үшін халық өсімін бәсеңдетіп, әр адамның қоршаған ортаға әсерін азайтуды бір мезгілде жүзеге асыру қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →