Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты

    Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды

    Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды

    Фото: Үкімет

    Қазақстан негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ішкі сұранысты отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Премьер-министр Олжас Бектенов ел ішінде шикізат, материалдар, құрамдас бөліктер мен дайын өнім өндірісін одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

    «Ішкі нарық негізгі азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар дайын өнім өндіруге қажетті импорттық шикізат пен құрамдас бөліктерге тәуелділік әлі де бар. Әсіресе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар секторында тәуелділік жоғары», деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Сауда, Өнеркәсіп және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне бір ай мерзімде Қазақстанда өндірілуі қажет болатын аса маңызды импорттық тауарлардың, шикізаттың, материалдар мен қосалқы бұйымдардың тізбесін айқындау тапсырылды.

    «Әрбір позиция бойынша жүзеге асыру мерзімдерін белгілей отырып, отандық өндірісті құру немесе кеңейту бағытында нақты шаралар әзірлеу қажет», деп тапсырды Премьер-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →