Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады
Kaspi жинақтаушы депозиті бойынша мөлшерлемелер 2026 жылдың 5 тамызынан бастап төмендейді: тиімді мөлшерлеме 19%, номиналдысы 17,5% болады.
Сурет: digitalbusiness.kz
Kaspi жинақтаушы депозиті бойынша тиімді мөлшерлеме 19%, ал номиналды мөлшерлеме 17,5% болады. Жаңа шарттар 2026 жылдың 5 тамызынан бастап күшіне енеді және Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені төмендетуіне байланысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Kaspi.kz компаниясы мөлшерлемелердің өзгеруін ресми түрде мәлімдеді. Бұл өзгерістер тек жинақтаушы депозитке қатысты болады. Ал қарапайым Kaspi депозиті бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде сақталады: теңгедегі салымдар үшін 15%, АҚШ долларындағы депозиттер үшін 1%. Осылайша, классикалық депозиттер иелеріне қосымша әрекеттер қажет емес.
