Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды
Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева ұзатылған қызға дүние апарып, желі қолданушыларының сынына қалды. Блогер арнайы жазбамен жауап берді.
Сурет: ozgeris.info
Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева кеше ұзатылған Айнараның артынан дүниесін апарып, желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Аяулым Жорабаева жеңге ретінде алғаш рет қыздың артынан дүние әкеліп жатқанын айтып, қызға арналған киімдерді көрсеткен. Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Оқырмандар «Киімі аз», «Тек киім апарған ба?», «Төсек-көрпелері қайда?», «Дәмдерді дастарханға салмаушы ме ді», «Не бергенін түсінбей жатырмыз, әп-әдемі киімдерді ашып көрсетсеңдер болмай ма?», «Басқа шамасы келмейтін қыздар үшін ыңғайсыз», «Қайын апаңыздың атын қалай айтасыз?», «Қылықтары жасанды», «Өте көп сөйлейді екенсіз», «Нақты — нақты сөйлеу керек, тым ұзақ сөйледіңіз», деген пікірлер білдірді.
Сынға қалған ол әлеуметтік желісінде арнайы жазба арнады. Ол былай деді: «Блогер болған соң, контент ретінде бәрін түсіргім келді. Бірақ, мобилографымның телефоны қызып, өшіп қалыпты. Сол себепті 1 чемодан әдемі — әдемі образдар да видеоға түспей қалыпты. Ең бастысы — құдаларымызға көрсеткен дүниеміз ұнады». Сондай-ақ, Алтынай Жорабаеваның келіні жолдасы екеуіне құдалары құрмет көрсетіп, шапан жауып, жылқы бергенін айтты.
