Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды •

    Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр

    Қазақстандағы профилактикалық рейдтер барысында 2400-ден астам кәмелетке толмаған өспірім полицияға жеткізілді, 1500-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды.

    Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр

    Сурет: qumash.kz

    Қазақстанның бірнеше облысында жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында 2400-ден астам кәмелетке толмаған өспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Polisia.kz мәліметінше, 1-3 шілде аралығында Алматы мен Шымкентте, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті. Рейдтерге 3 мыңға жуық полиция қызметкері тартылды.

    Полиция органдарына 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілді, оның 1500-ден астамы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 1000-ы қараусыз және панасыздығы үшін. Барлығы 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 257 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 1500-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды.

    ІІМ ата-аналарға: «Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен, отбасының жауапкершілігі. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлуді, балаларыңыздың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білуді сұраймыз», – деп үндеу жасады.

    Қаскелеңде жасөспірімдер тобы маскүнем ер адамдарды ұрып-соқты. Бұған дейін шенеуніктер сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің курьер, даяшы және басқа да жұмыстарда істей алмайтынын түсіндірген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →