Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды (ВИДЕО)
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
