Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді

    Curiosity марсоходы Марс бетінен зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді. Уфолог Скотт Уоринг оны жерден тыс технология деп есептейді, бірақ НАСА табиғи жартас деп санайды.

    Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді

    Сурет: tengrinews.kz

    Марсоход Курьозити Қызыл планетада зымыран сынықтарына ұқсас объектіні түсірген. Бұл туралы Дейли Мейл газетіне сілтеме жасап, Тенгри Лайф ақпарат таратты, — деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    НЛО зерттеушісі Скотт К. Уоринг марсоход түсірген суретті таратып, онда Марста жарылмаған «жерден тыс зымыран» бейнеленген деп есептейді. Уфологтың пікірінше, ұзындығы шамамен 2,5 метрлік нысан «бүлінбеген жерден тыс технология сынығы» болуы мүмкін.

    Ол бұл табылған зат Марста болған ежелгі қақтығысты көрсетеді, сол қақтығыс Марстағы өркениетті жойған, ал ғарыш агенттіктері бұл объектінің әскери маңызына байланысты үндемей отыр деген теория ұсынды. Сонымен қатар, Уоринг артефакт жер бетіндегі мемлекеттерді озық қару технологияларымен қызықтыруы мүмкін деп болжады, бірақ бұл мәлімдемелерді растайтын дәлел келтірмеді.

    НАСА бұл мәлімдемелерді растамады және нысанның табиғи жартас түзілімінен басқа ештеңе екеніне ешқандай негіз бермеді.

    Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлері екіге бөлінді: кейбіреулер суреттерде зымыранды көрсе, басқалары апатқа ұшыраған жерден тыс кемені байқады. Олардың ойынша, созылған нысан бірнеше бөліктен тұрғандай, ал болжалды қанаттары құлау салдарынан үзіліп кеткен болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →