Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады

    Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді

    Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді

    Фото: Ақмола облысының әкімдігі

    Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Көбейтұз көлін «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлдің бірегей экожүйесін сақтау үшін аумақта қорғау шаралары күшейтіліп, бірқатар шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғау шараларының кешені жүзеге асырылып келеді. Көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылды. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайы автотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға толықтай тыйым салынады. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетіп жатыр.

    «Бұл шаралар соңғы жылдары айтарлықтай антропогендік зардап шеккен көлді сақтауға бағытталған. Ақмола облысының әкімдігі азаматтарды бірегей экожүйені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі өзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Осындай бірегей табиғи ерекшелік мыңдаған туристің қызығушылығын тудырып, көлге келетін адам саны жыл сайын артып келеді», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →