Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҚО-ның Зашаған полигонындағы өрт өшпей жатыр

    БҚО-ның Зашаған полигонындағы өрт өшпей жатыр

    Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртпен күрес әлі жалғасуда. Оқиға орнында іс-қимылды үйлестіру үшін арнайы жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері біріктіріліп, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтіннің, екпінді желдің және полигон аумағына барудың қиындығына байланысты күрделене түскенімен, маудандарды сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін арнайы су тасымалдау ұйымдастырылды.

    Арнайы техника топырақты жылжыту және нығыздау, бықсыған қалдықтарды жабу, оқшаулаушы қабаттар жасау, сондай-ақ өрт сөндіру техникасының ошақтарға кедергісіз жетуі үшін жолдар қалыптастыру жұмыстарын атқаруда. Қазіргі уақытта жағдай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатаң бақылауында тұр.

    Фото: ашық дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →