Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Семейде алты жасар бала сіріңке тұтатып, ауладағы көлікті өртеп жіберді

    Семейде 15 шілде күні алты жасар бала сіріңкемен ойнап, қураған шөпті тұтатқаннан кейін аулада тұрған көлік өртеніп кетті. Келтірілген шығынды баланың ата-анасы өтейді.

    Семейде алты жасар бала сіріңке тұтатып, ауладағы көлікті өртеп жіберді

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Семейде алты жасар бала сіріңкемен ойнап, ауладағы көлікті өртеп жіберді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Абай облысы тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға 15 шілде күні 352-орамдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Кешкі сағат 18:05 шамасында шұғыл қызметтерге автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндірді.

    «Аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында өрт шыққанға дейін көліктің маңында үш кішкентай баланың жүргені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, алты жасар бала сіріңкемен көліктің жанындағы қураған шөпті тұтатқан. Жалын лезде күшейген соң балалар қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл жайт кейін балалардың заңды өкілдерінен жауап алу кезінде де расталды», – деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.

    Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, өртенген көлік иесіне келтірілген материалдық шығынды алты жасар баланың ата-анасы өтейді.

    Осыған байланысты тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сіріңке мен өзге де өрт қаупі жоғары заттарды қолжетімді жерде сақтамауға және отпен ойнаудың қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыруға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →