Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәлімет шықты Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәлімет шықты

    Қаскелеңдегі перзентханада үшем шетінеп кетті

    Қаскелеңдегі перзентханада үшем шетінеп кетті

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысында үш жаңа туған нәрестеден айырылған отбасы дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіріп, оқиғаны жан-жақты тергеуді талап етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты Алматы телеарнасына сілтеп.

    Туыстарының айтуынша, алты айлық жүкті Айдана Оразбаева 17-18 шілде түні мерзімінен бұрын босанып, Қаскелең перзентханасында үшемді дүниеге әкелген. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі нәрестенің шетінегені белгілі болған. Кейін отбасы үшінші сәбидің жағдайын сұрауға келгенде, оның да қайтыс болғанын естіген.

    «Біз жоспарлы кесар тілігі үшін қалалық перзентханаға баруымыз керек еді. Бірақ шұғыл жағдай туындады. Үшем босанатындықтан, қалаға жіберуді сұрадық. Бірақ мамандар ұрықтар өте кішкентай және табиғи жолмен босану мүмкін екенін айтты. Нәрестелер таңғы сағат 7-де дүниеге келді, содан кейін бізге екі нәресте бірінен соң бірі шетінегенін айтты. Біз мұны дәрігерлерден емес, келінім арқылы білдік», – дейді марқұм сәбилердің әжесі.

    Отбасы нәрестелердің денесін алған кезде оларға қажетті ресми құжаттар берілмегенін айтып, сәбилердің өліміне қатысты күмәні бар екенін жеткізді. Сондай-ақ олар тәуелсіз сараптама жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

    Өз кезегінде Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы әйелдің жүктіліктің 25-аптасында түскенін мәлімдеді. Мекеме мұндай жағдайда нәрестелердің өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болатынын айтып, медициналық көмектің сапасына қатысты ішкі аудит басталғанын хабарлады.

    Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →