Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі клубта ішімдік ішкен ер адам оқ атқаны үшін 5 жылға сотталды Соғыс қайта жалғаспақ: Иран шабуылынан 100 АҚШ сарбазы жараланды «Көзде сәуле жоқ, немқұрайлылық»: Жұлдыз Әбдікәрімова сезімі суып кеткенін айтты Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Астанада түнгі клубта ішімдік ішкен ер адам оқ атқаны үшін 5 жылға сотталды Соғыс қайта жалғаспақ: Иран шабуылынан 100 АҚШ сарбазы жараланды «Көзде сәуле жоқ, немқұрайлылық»: Жұлдыз Әбдікәрімова сезімі суып кеткенін айтты Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО)

    Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам ажал құшты

    Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам ажал құшты

    Фото: Pixabay

    Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның кәріз құдығындағы электр сорғысын жөндеу жұмыстары кезінде алты адам қаза тауып, тағы бір жұмысшы зардап шеккен.

    Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, шақырту 20 шілде күні сағат 12:01–де түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтады.

    Ал 1988 жылы туған тағы бір ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілген науқасқа орташа ауырлық дәрежесіндегі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылған. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы тұрақты, облыс орталығына тасымалдауды қажет етпейді.

    Павлодар облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    — Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп мәлімдеді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →