Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты •

    Алматы облысында пайдаланылмаған 400 мың гектар жер анықталған

    Алматы облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасады. Қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері шаруаларға, мал өсірумен айналысатын қожалықтарға беріледі. Жалпы АӨК қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ болғандықтан, өңдеуші секторға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

    «Алматы облысы еліміз бойынша құс басының саны мен құс етін өндіруден көш бастап тұр. Қой мен ешкі саны жөнінен және жүгері, көкөніс, жеміс-жидек дақылдары мен картоп өсіруден республикада алғашқы үштікке кіреді. Ал балық шаруашылығы тауарлы балық өндірісінің көлемін ұлғайтуға және импортты алмастыру үшін дайын өнім шығаруға бағытталып отыр Өткен жылы 5 мың тоннаға жуық балық өндірілді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 17 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда», — деді облыс әкімі.

    Өңір басшысының сөзінше, биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 34 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіші 736,5 млрд. болса, биылғы жылы оның көлемін 2,6% өсіммен 840 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

    «Алматы облысының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бірегей өңірлік бағдарламасын әзірленіп, іске асырылуда. Оған жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 820 бас асыл тұқымды ірі қара және 4 мыңнан астам асыл тұқымды ұсақ мал сатып алынған. Осылайша, 2027 жылға қарай ірі қара асыл тұқымды мал басының үлесін 19,5%-дан 25%-ға дейін, ұсақ мал басын 16,7%-дан 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы аталған шаралардың барлығы облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін құруға бағытталған», — деді Марат Сұлтанғазиев.

    Бұдан бөлек, өңірде 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Облыс көлемінде суару желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде 57 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріліпті.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →