Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • «Аурумен төрт жыл күрескен»: танымал тележүргізуші қайтыс болды • «Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) •

    Алматы облысында 150-ге жуық ауылда газ жоқ

    Алматы облысында 150-ге жуық ауылда көгілдір отын жоқ. Биыл тек 9 ауылға ғана көгілдір отын тартылады. Сонымен қатар ауыз су тарту жобаларына да баса мән беріледі. Ауыз сумен қамтамасыз етуге 27 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев, басты міндетіміз сумен қамтамасыз ету деді.

    «Қазір халықты ауыз сумен қамтудағы көрсеткіш 92,7%-ды құрап отыр. Биыл
    62 жобаны іске асыруға 27,8 млрд. теңге қарастырылған. Жыл соңына қарай сумен қамтамасыз ету деңгейі 93,5% жетеді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

    Аталған саладан басқа, облыс басшысы газдандыру мен жолды жасау секілді инфрақұрылымдық салаларды дамыту өзекті мәселе екенін айтты.

    «Бүгінгі таңда газдандыруға жататын 294 елдімекеннің 147-сі газдандырылды. Көгілдір отынға облыстың 1 млн 114 мың тұрғыны қосылған. Биыл тағы 9 елдімекенді қосқанда көрсеткіш 69,4%-ға жетеді», — деді әкім.

    Аймақ басшысының сөзінше, жылдан жылға жолдардың сапасы жақсарып келеді. 2022 жылы барлығы 731 шақырым жол жөнделді. Биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға 48,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 91%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →