Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек •

    Жетісу облысында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кетті

    Жетісу облысында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кетті

    Фото: Видеодан скрин

    Жаркент қаласында велосипед мінген жасөспірімді жеңіл автокөлік қағып кетті. Әлеуметтік желілерде жол үстінде адамның жатқан сәті түсірілген суреттер тарап, қоғам талқысын тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жетісу облыстық Полиция департаменті аталған жол апатының болғанын ресми түрде растады. Мекеменің мәліметінше, апат 17 шілдеде Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.

    «Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, Уәлиханов көшесінің қиылысынан жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен. Жасөспірім маневр жасау кезінде қауіпсіздік ережелеріне көз жеткізбеген. Оқиға салдарынан зардап шеккен жасөспірім шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады полициядан.

    Қазіргі уақытта жол апаты дерегі бойынша барлық қажетті материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

    Осы оқиғадан кейін тәртіп сақшылары ата-аналарға үндеу жасап, балаларына жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін тұрақты түрде ескертіп отыруды сұрады.

    Полицейлер велосипед, самокат мінетін жасөспірімдерге жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде барынша мұқият болуды, басқа нәрселерге алаңдамауды және Жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →