Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады

    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады

    Фото: Massaget.kz

    Көкшетау қаласы, Саин көшесі 28-үй, 405-бөлме мекенжайындағы жатақхана тұрғындары ұзақ уақыттан бері үйір-үйір тарақандармен бірге өмір сүруге мәжбүр болып, нағыз антисанитариялық тозақты бастан кешіруде.

    Жәндіктер көрші бөлмелерге де жылдам тарап, бүкіл ғимараттың санитарлық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп тұрса да, тұрғындардың жауапты мекемелерге жасаған сансыз шағымдары әлі күнге дейін еленбей келеді. Ең сорақысы, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен жергілікті өңір әкімдігі бұл мәселеге көз жұма қарап, қарапайым халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін мүлде назардан тыс қалдырған.

    Қоқыс пен ластықтың ортасында қалған жұртшылықты естімейтін Көкшетау әкімдігі өз жауапкершілігінен қашып, халықтың мұң-мұқтажын шешудің орнына бейқамдық танытып отырғаны ашуыңды туғызады. Тұрғындар бұл масқара жағдай БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін ғана құзырлы органдар орнынан қозғалып, шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, тиісті шара қолданады деп үміттенеді. Осы орайда, халықтың денсаулығын қауіпке тіккен жауапсыз шенеуніктер мен әкімдіктің бұл әрекетсіздігі қашанға дейін жалғаса бермек деген заңды сұрақ туындайды.

    Видео: @aqmolapress

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →