Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты •

    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес

    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес

    Фото: Видеодан скрин

    Теміртау қаласындағы Мүсәлімов көшесі, 14-үйдің маңында кәріз жүйесінің істен шығып, айналаны лас судың басып жатқанына тұрғындардың шыдамы таусылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жергілікті халық «Аква трейдинг» мекемесі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) бөлімінен тек қағаз жүзіндегі сылтаулар мен құр уәдеден өзге нақты көмек көре алмай отырғанын айтып, дабыл қағуда.

    Салғырттық танытқан қала әкімдігі мен жауапты мекемелер өз міндетін орындаудың орнына, мәселені жылы жауып қоюға әдеттенгендей.

    Ал аққан судың жағымсыз иісі мен залалына уланып отырған қарапайым халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне бас ауыртып жатқан ешбір шенеунік көрінбейді. Сезімге ерік бермей, нақты іске көшетін, халықтың жанайқайын еститін әкімдік Теміртауда қашан пайда болады деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр. Елдің жүйкесін тоздырған бұл былықтың қашан тиылатынын уақыт көрсетеді, бірақ тұрғындар енді үнсіз қалмақ емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →