Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті •

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

    Фото: Pixabay

    Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстықта күн өтудің адам өміріне қауіп төндіретінін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

    Ведомствоның мәліметінше, күн өту – ағзаның қатты қызып кетуі салдарынан дене температурасын қалыпты деңгейде ұстап тұру қабілеті бұзылатын қауіпті жағдай.

    – Уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, күн өту мидың, жүректің, бүйректің және басқа да өмірлік маңызды ағзалардың зақымдалуына, ал ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін, – деп ескертті министрлік.

    Мамандардың айтуынша, күн өтудің негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сананың шатасуы немесе естен тану жатады.

    – Егер мұндай белгілер байқалса, дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамды салқын жерге шығарып, денесін салқындатуды бастау қажет, – делінген хабарламада.

    Министрлік күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл әрі ашық түсті киім киюге және бас киім тағуға кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →