Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті

    Алматыда тауда жоғалған 4 жасөспірім туралы соңғы дерек шықты

    Алматыда тауда жоғалған 4 жасөспірім туралы соңғы дерек шықты

    Фото: видеодан скрин

    Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Проходное (Алмарасан) шатқалында құтқарушылар тауда адасып кеткен төрт жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    ҚР ТЖМ «Барыс» құтқару қызметінің мамандарына түнгі уақытта жасөспірімдердің байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары дереу ұйымдастырылды.

    Іздеу бағытын анықтауға жасөспірімдердің бірінің бұған дейін түсіріп жіберген бейнежазбасы көмектесті. Байланыстың болмауына және нақты геолокацияны анықтау мүмкін еместігіне қарамастан, құтқарушылар таулы аумақты толық тексерді.

    Нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңынан, тау лашығынан жоғары орналасқан аумақтан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

    Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде тау соқпағымен төмен түсіріп, ата-аналарына тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →