Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күнімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай сол елдің Президенті Яков Милатовичке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен сыйластыққа құрылған ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

    Президенттің жеделхатында Яков Милатовичтің Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқандығы және кең ауқымды салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік бергендігі атап көрсетілді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, достас Черногория халқына құт-береке мен молшылық тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →