Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қытайда дауыл салдарынан 2800 әуе рейсі тоқтатылды

    Қытайда дауыл салдарынан 2800 әуе рейсі тоқтатылды

    Қытайдағы жойқын тайфун салдарынан 2 800 рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жергілікті Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Шанхайдағы Пудун және Хунцяо халықаралық әуежайынан 653 рейс ұшпайтын болды.

    Сондай-ақ Ханчжоу, Чанчжоу, Цзянсу  провинциясындағы 45 әуежайда дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуе рейстерімен қатар, теміржол қозғалысы да тоқтатылды.

    Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, осы аптада кей аудандарда қатты сел жүруі мүмкін. Кеше зардап шеккен өңірлерден 2 миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →