Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО) Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті Алматы тауларында болған тас көшкіні: екі бойжеткен қиын жағдайда қалды (ВИДЕО) Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

    Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды

    Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың доллар шығармақ болған шетелдік ұсталды

    Фото: depositphotos.com

    ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Тек 30 маусым мен 7 шілде аралығында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.

    Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қордай» автокөліктік  шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары  (170 037 000 теңге)  анықталды.

    Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды. ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →