Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Зеленский Башқұртстанға шабуыл туралы пікір білдірді

Зеленский Башқұртстанға шабуыл туралы пікір білдірді

Фото: видеодан скрин

Ресейдің бірнеше өңіріндегі мұнай өңдеу зауыттарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалды. Бұл туралы Ресей мен Украина тарапы да растады, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған Qazaq Today ақпарат порталы.

Мәліметке сәйкес, шабуыл Саратов облысы мен Татарстандағы мұнай өңдеу кәсіпорындарына бағытталған.

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-дағы парақшасында Украинаның «алыс қашықтықтағы санкциялары» Саратов облысы, Татарстан және Башқұртстанға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, Украина әскері Воронеж облысындағы нысандарға да соққы жасаған.

Ал Украина Қарулы күштері Бас штабының ресми мәлімдемесінде Төменгі Кама мен Саратов облысындағы мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар туралы айтылғанымен, Башқұртстандағы нысандар жөнінде ақпарат берілмеген.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде Уфадағы мұнай өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасауы мүмкін деген хабарламалар тарады. Башқұртстан билігі өңірде дрон қаупі жарияланғанын растап, қауіпсіздік мақсатында Уфа халықаралық әуежайының жұмысын уақытша шектеді. Әуежайда ұшақтарды қабылдау мен ұшыру уақытша тоқтатылды.

Әзірге өңір билігі мұнай өңдеу зауыты немесе өзге инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны, сондай-ақ зардап шеккендер туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика