Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

    Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол лауазымды 2025 жылғы шілдеден бері атқарған.

    Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

    Сурет: tengrinews.kz

    «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Жалғыз акционердің шешімімен «ҰК «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», — делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымын 2025 жылғы шілдеден бері атқарып келген еді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтің назарын транзиттік тасымалдар жоспарынан артта қалу фактісіне аударған болатын. Премьер ұлттық компания басшысының жеке жауапкершілігін еске салып, бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →