Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Семейде «Сергек» 123 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты •

    Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салынады

    Жетісу облысы елімізде алғашқы болып Талдықорған қаласында үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық ашты. Осы және өзге де әлеуметтік қорғау саласындағы шаралар туралы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев брифинг барысында баяндап берді, — деп хабарлайды Qazaq.today Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және Алакөл, Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған Оңалту бөлімшелері іске қосылған. Соның ішінде биыл Алакөл жағалауында мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы демалыс үйі ашылады.

    Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →