Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты •

    Қостанайдағы лагерьде балаларға мүлде жағдай жасалмаған

    Қостанайдағы лагерьде балаларға мүлде жағдай жасалмаған

    Қостанайдағы балалар лагеріндегі жантүршігерлік жағдай әшкереленіп, жұртшылықтың ашу-ызасын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде тараған видеодан лагерьдегі дәрәтханалардың өте лас, мүшкіл күйде екенін және балаларға мүлде жағдай жасалмағанын анық көруге болады. Тексеріс кезінде асхананың 9 бірдей қызметкерінің медициналық тексеруден өтпей жұмыс істеп келгені және балаларға беруге тыйым салынған тамақ өнімдерін пайдаланғаны анықталды. Өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты облыс әкімдігі бұл бассыздықты дер кезінде бақылауға алмай, тағы да немқұрайлылық танытып отыр.

    Бүлдіршіндердің өмірін қауіпке тіккен кәсіпкерге небәрі 346 000 теңге айыппұл сала салу — жергілікті биліктің бұл мәселеге атүсті қарайтынын дәлелдейді. Балалардың денсаулығы мен тағдыры әкімдік үшін шынымен құнсыз болғаны ма дейді тұрғындар.

    Видео: ernurinfo

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →