Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты •

    СҚО-да 13 жастағы қызға зорлық көрсетілген

    Фото: freepik

    Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қыз түні бойы зорлық көрді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Halyqstan Telegram арнасы⁠ның мәліметінше, оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында болған болуы мүмкін.

    Жарияланған ақпаратта 1 шілде күні кешкі уақытта 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан сәтте көрші ауылдың тұрғыны мотоциклмен келіп, серуендеуге шақырғаны айтылады. Қыз келіскеннен кейін, ауыл тұрғындарының сөзінше, ол түні бойы үйіне оралмаған.

    Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, қызды түні бойы іздеп, келесі күні таңертең елді мекеннен тыс жерден тапқан. Ал күдікті шамамен 40 жастағы ер адам екені айтылуда.

    Бұл ақпаратқа қатысты әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

    Фото: Ашық дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →