Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО)

    Қарақшылық үшін сотталған әйел Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

    Қарақшылық үшін сотталған әйел Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қарақшылық пен ұрлық үшін сотталып, Ресейде қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген қазақстандық әйел экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бас прокуратура мәліметінше, әйел Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан атындағы аудан сотының 10.05.2024 жылғы үкімімен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, күш қолдану арқылы тонау жасағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

    «Алайда пробация бақылауында бола тұра, 2025 жылғы наурызда сотталған жазаны өтеуден жалтарған. Осыған байланысты бас бостандығын шектеудің өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, оған іздеу жарияланған», — делінген хабарламада.

    2025 жылғы қарашада сотталған адам Ресей аумағында ұсталған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша ол елге экстрадицияланды. Бүгінде әйел жазасын әрі қарай өтеу үшін тергеу изоляторына қамалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →