Басты бет » Бурабайға шомылуға барған отбасы сұмдық ауру жұқтырған

Бурабайға шомылуға барған отбасы сұмдық ауру жұқтырған

Фото: Үлкен Шабақты/2GIS/threads.com/@angelina.kirillovskaya

 

Бурабай көлдерінде демалған қазақстандық отбасы тері инфекциясын жұқтырғанын айтып, демалушыларға сақ болуға шақырды. Олардың айтуынша, отбасының бірнеше мүшесінде теріде күлдіреуік пайда болып, дәрігерлер буллезді импетиго (бактериялық тері инфекциясы) диагнозын қойған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Дерматолог Сергей Исаковтың айтуынша, буллезді импетиго – алтын түстес стафилококк тудыратын өте жұқпалы бактериялық инфекция. Ол көбіне ыстық ауа райында, ашық су айдындарында шомылғаннан кейін, терідегі ұсақ жарақаттар арқылы жұғады. Ауру ортақ сүлгі, төсек-орын немесе тікелей байланыс арқылы да таралады, деп жазады Stan.kz.

Маманның сөзінше, алғашқы белгілері әдетте 1–3 күн ішінде байқалады. Теріде қызарған дақ, кейін іші сұйықтыққа толы күлдіреуік пайда болады. Мұндай жағдайда өзін-өзі емдемей, дереу дәрігерге қаралған жөн.

Ал дерматовенеролог Асқар Хабижанов буллезді дерматиттің өзі судан жұқпайтынын, бірақ лас су қоймаларында болатын бактериялар, паразиттер мен саңырауқұлақтар тері ауруларын тудыруы мүмкін екенін айтты. Дәрігерлер тек рұқсат етілген әрі су сапасы тексерілетін жағажайларда шомылуға кеңес береді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика