Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

    БҚО-да 7 студент түрмеге түсті

    БҚО-да 7 студент түрмеге түсті

    Фото: Pixabay

    Батыс Қазақстан облысында дропперлік схемаға қатысқан 19 жастағы 7 колледж студенті сотталды. Олар банк шоттарын ашып, оны алаяқтардың пайдалануына берген, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Банк шоттары арқылы барлығы 4 млн теңге қаражат өткен.

    Сот шешімімен 19 жастағы колледж оқушыларының үш жылға бас бостандығы шектелді. Енді олар мәжбүрлі еңбекке тартылуға, пробация қызметінің есебінде тұруға міндетті. Егер бұл талаптар сақталмаса, бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберіледі.

    Айта кетейік, дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Осы уақыттан бері Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша 700-ден астам іс тіркеліп, 200-ден астам адам сотталған.

    Заңға сәйкес, банк шотын немесе картасын үшінші тұлғаларға бергендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мамандар азаматтарды алаяқтық схемаларға араласпауға және өз банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →