Басты бет » Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен жүйткіген жігіт көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен жүйткіген жігіт көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мотоциклмен аударылған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімтеінше, мотоциклді өскемендік азамат басқарған.

— 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны HUSQVARNA 901 NORDEN маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рульді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес («абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика