Басты бет » Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестік орнатуға келісті

Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестік орнатуға келісті

Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестік орнатуға келісті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Ресми делегация мүшелері қатысқан кездесуде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі деп атап, достық қатынастарды жоғары бағалайтынын жеткізді.

— Біздің елдерімізді тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылықтар мен халықтарымыздың берік байланыстары біріктіреді. Бұл өзара серіктестігіміздің негізі. Біз нәтижелі пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді растадық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

— Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайту мүмкіндігі зор. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салып, ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Энергетика саласында табысты ынтымақтастық жолға қойылған. Біз Баку — Тбилиси — Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін арттыруға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, — деді Мемлекет басшысы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика