Басты бет » Көкшетауда жағалаудағы электромобиль үш жасар баланы қағып кетті

Көкшетауда жағалаудағы электромобиль үш жасар баланы қағып кетті

Фото: cars-kids.com

Көкшетау қаласының тұрғындары жағалаудағы балалар ойын алаңының жанында орналасқан электромобиль аттракционын басқа жерге көшіруді талап етуде, деп жазады Qazaqtoday.info.

Куәгерлердің айтуынша, жақында ғана осындай ойыншық көліктердің бірі үш жасар баланы қағып кеткен.

Бақытқа орай, бүлдіршін ауыр жарақат алмады, алайда бұл жағдай ата-аналардың үрейін ұшырып отыр. Жергілікті халық бұл техникаларды көбіне 5-8 жас аралығындағы балалар тізгіндейтінін, олардың жаяу жүргіншілерді көргенде дер кезінде тоқтап үлгермейтінін айтады.

Қазіргі таңда қала тұрғыны оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бұл ойын аймағын қауіпсіз жерге ауыстыруды сұрап, жергілікті билікке ресми өтініш жолдады.

Видео: @aqmolapress

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика